|    |  
23 қыркүйек 2019
11:56
​Ләйлә Сұлтанқызы Нұрболхан мен Бибігүлден 5 млн теңгеден талап етіп отыр
11 қыркүйек 2019, 10:44 223
Жақында Ләйлә Сұлтанқызының әзілкеш Нұрболхан Шарапов пен журналист Бибігүл Дәулетбекқызын сотқа бергені белгілі болды. Соттың бірінші отырысы да өтіп үлгерген. Қазір Ләйлә Сұлтанқызының Нұрболхан мен Бибігүлден әрқайсынан 5 млн теңгеден талап етіп отырғаны белгілі болды. Бұл туралы Бибігүлдің қорғаушысы Ревю бағдарламасында айтты.


 
Ал Ләйлә Сұлтанқызының қорғаушысынан: «Жеке тұлғалар әлеуметтік желідегі аудиториясын ұлғайту мақсатында пиярға қол жеткізу үшін Сеңгірбекова Ләйлә Сұлтанқызының абыройы мен ар-ожданына нұқсан келтіретін пікірін әлеуметтік желі арқылы таратқан»-деген жауап келген.
 
Қорғаушы сондай-ақ Ләйлә Сұлтанқызының бұл соманы қайырымдылыққа жұмсайтынын да жеткізген.
Все новости