|    |  
21 қараша 2019
05:50
Ләйлә Сұлтанқызы сотқа берген Нұрболхан Шарапов ақталды
08 қараша 2019, 16:50 296
Үш ай бұрын танымал тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы әзілкеш Нұрболхан Шарапов пен журналист Бибігүл Дәулетбекқызын жала жапты, абыройыма нұқсан келтірді деп сотқа берген болатын.


 
Ал бүгін сол сот шешімі шыққан. Бұл туралы әзілкештің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.
 
«Жұма мүбәрак. Берекелi күн, мен үшiн. Баршаңызға Аллаһ разы болсын. Қазақ қыздарының ары үшiн соттан бiр-ақ шығам деп кiм ойлаған... 3 айға созылған сот өз мәресiне жеттi. Сот менi: ешқандай жеке басқа өткен жоқ, ешкiмнiң абыройына нұқсан келтiрген жоқ. Ол тек өз ойын айтты деп ақтады. Заңды түрде әдiл шешiм шығарған Есiл аудандық номерi 2-шi сотының судьясы Тобағалиұлына алғысымды бiлдiремiн. Әдiлдiк бар екенiне сенiңiздер! Менi уайымдағандарыңыз үшiн бәрiңiздi жақсы көремiн!»-деп жазған әзілкеш.
 
Өз кезегінде бұл жағдай туралы Ләйлә Сұлтанқызы да жазба қалдырған. 
 
Мен кешірім сұраймын ...жақсы ісімді мен жасадым демегенім үшін, Мен кешірім сұраймын ...бүгінгі қасымды кеше досым деп дем беріп, көтермелегенім үшін, Мен кешірім сұраймын ... елмен ұрысып, өзімді "керемет" қылмағаным үшін, Мен кешірім сұраймын ... айтқанымнан өзгелер сияқты жалтармағаным үшін, Мен кешірім сұраймын ...жас қыз оқудан біз үшін шықпаса да, жаңа оқу орнына түсіргенім үшін, Мен кешірім сұраймын ... өтірік патриот бола алмағаным үшін, Мен кешірім сұраймын ...ащы да болса қоғамдағы барды бар дегенім үшін, Мен кешірім сұраймын ...кешірім сұрай алмаған және менен кешірім сұрамаған сәттер үшін, Мен кешірім сұраймын ...өзім сенген Төбедегіден және маған сенер халықтан.⠀

Ешкімнің көзі соқыр, құлағы керең емес... Айтылған сөз атылған оқ. Осыдан 5 ай бұрын болған оқиға бүгін өзектілігін жоғалтқан болар. Бүгін сот өз шешімін шығарды. Заңның аты заң. Апелляцияға беремін бе, жоқ әлде Азаматтық іспен қайта қозғала ма ол жағы уақыт еншісінде.

Десе де, ел алдында "Арсыз" деп, "Билбордтағы суретіне лай-батпақ ату керек", "Апама-жездем сай", "Қандай ана екен?!" деп аналық ар-ожданыма дейін қол сұғып, желіге жария етіп, "Мен ештеңе айтпадым" деп, жазбаларын өшіре салу, жігіттікке жатпас.

Кей жерлерде үндемегенім, жасықтығым емес, үлкендігім еді. Осымен бұл оқиғаға нүкте қойдым. Ең бастысы - қыз оқып жатыр, жалғыз шешесінің жаны тыныш. Сот алдындағы жеңісің құтты болсын Нұрболхан Шарапов! Отбасыңа бақыт тіледім»-деп жазған.

 

СОТ АҚТАП ШЫҚТЫ!????????????✊ Жұма мүбәрак!???????? Берекелi күн, мен үшiн. Баршаңызға Аллаһ разы болсын. Қазақ қыздарының ары үшiн соттан бiр-ақ шығам деп кiм ойлаған.???????? 3 айға созылған сот өз мәресiне жеттi.✅ Сот менi: ешқандай жеке басқа өткен жоқ, ешкiмнiң абыройына нұқсан келтiрген жоқ. Ол тек Өз Ойын айтты деп ақтады.???????????????? Заңды түрде әдiл шешiм шығарған Есiл аудандық номерi 2-шi сотының судьясы Тобағалиұлына алғысымды бiлдiремiн.???? Әдiлдiк бар екенiне сенiңiздер!???? Менi уайымдағандарыңыз үшiн бәрiңiздi жақсы көремiн!????????✊ Қорғаушыларым: Ләззат Маратовна @advocate_nursultan Гүлбаршын Қылышқызы @advocate_astana01 Шыңғыс Мырзамбетов: инстаграмы жоқ.???????? #Инстаграм #Өсекграм #МенЖеңдiм #ӨмiрТамашаСүреБiлгенАдамға

Публикация от Nurbol Khan (@sharapov_nurbolkhan)

Мен кешірім сұраймын ...жақсы ісімді мен жасадым демегенім үшін, Мен кешірім сұраймын ...бүгінгі қасымды кеше досым деп дем беріп, көтермелегенім үшін, Мен кешірім сұраймын ... елмен ұрысып, өзімді "керемет" қылмағаным үшін, Мен кешірім сұраймын ... айтқанымнан өзгелер сияқты жалтармағаным үшін, Мен кешірім сұраймын ...жас қыз оқудан біз үшін шықпаса да, жаңа оқу орнына түсіргенім үшін, Мен кешірім сұраймын ... өтірік патриот бола алмағаным үшін, Мен кешірім сұраймын ...ащы да болса қоғамдағы барды бар дегенім үшін, Мен кешірім сұраймын ...кешірім сұрай алмаған және менен кешірім сұрамаған сәттер үшін, Мен кешірім сұраймын ...өзім сенген Төбедегіден және маған сенер халықтан. ⠀ Ешкімнің көзі соқыр, құлағы керең емес... Айтылған сөз атылған оқ. Осыдан 5 ай бұрын болған оқиға бүгін өзектілігін жоғалтқан болар. Бүгін сот өз шешімін шығарды. Заңның аты заң. Апелляцияға беремін бе, жоқ әлде Азаматтық іспен қайта қозғала ма ол жағы уақыт еншісінде. ⠀ Десе де, ел алдында "Арсыз" деп, "Билбордтағы суретіне лай-батпақ ату керек", "Апама-жездем сай", "Қандай ана екен?!" деп аналық ар-ожданыма дейін қол сұғып, желіге жария етіп, "Мен ештеңе айтпадым" деп, жазбаларын өшіре салу, жігіттікке жатпас. ⠀ Кей жерлерде үндемегенім, жасықтығым емес, үлкендігім еді. Осымен бұл оқиғаға нүкте қойдым. Ең бастысы - қыз оқып жатыр, жалғыз шешесінің жаны тыныш. ⠀ Сот алдындағы жеңісің құтты болсын! @sharapov_nurbolkhan Отбасыңа бақыт тіледім???? ⠀ Шоу көрген ел, енді жұмыстарыңызды істеңіздер. Мен де кеттім тірліктеріммен????

Публикация от Ляйла Султанкызы (@sultankyzy)


Дереккөз: Reactor
Все новости