|    |  
17 шілде 2019
05:31
​Лифтіде қамалып қалған әйел ішімдіктің арқасында аман қалған
01 шілде 2019, 16:05 127
Италияның Падуя қаласында әйел лифтіде қамалып қалып, 30 градустан асатын ыстықта 27 сағат қалып қойған.

 
 
Оқиға 28 маусым күні таңғы тоғызда болған. Ол еден жуушыны қарсы алмақ болып шыққан. Өзімен бірге жертөлеге апару үшін шарапты да ала шыққан. Сол күні ауа температурасы 30 градустан асып тұрған. Ал лифт ішіндегі ауа температурасы 50 градусқа дейін жеткен. Әйел аштық пен шөлден өлмес үшін бір шарапты ашып, аз-аздан ішіп отырған. Оның қолында ешқандай байланыс құралы болмаған. Ал келген еден жуушы оның айғайын естімеген. Бір күннен кейін оны қызы іздеп тапқан. Анасына хабарласа алмай қойған қызы оны іздегенде лифтіден дауысын естіген. Содан кейін өрт сөндірушілерді шақырған.
 
Дереккөз: Сегодня
Все новости