|    |  
19 қараша 2018
20:35
Лионель Месси «Алтын доптың» иегері атанды
12 қаңтар, 10:19 1223
12-01-16-messi-1

Испанияның «Барселонасы» мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси «Алтын доптың» иегері атанды. Бұл туралы euronews хабарлады.

Аргентиналық футболшы осымен бұл атаққа бесінші мәрте қол жеткізіп отыр. Ол бұған дейін 2009, 2010, 2011 және 2012 жылдары үздік атанған еді.

Месси өзімен бірге үштікке түскен клубтасы Неймар мен «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналдудан озып кетті. Ол 41,33 пайыздық дауыс жинады. Ал Роналдудың алған даусы – 27, 76 пайыз, Неймардікі 7,86 пайыз болды.

Әйелдер арасында АҚШ құрамасының лидері Карли Ллойд үздік шықты.

Лионель Месси 2015 жылы «Барселона» сапында Испанияның чемпионы, Чемпиондар лигасының чемпионы, Испания Кубогының иегері, УЕФА Суперкубогының иегері және әлемнің клубтық чемпионатының жеңімпазы деген атақтарға қол жеткізді. Месси сондай-ақ Испания чемпионатының ең үздік ойыншысы да болып отыр. Ал мергендер жарысында 43 голмен екінші орын алды.

Дереккөзі: ras.kz
Все новости