|    |  
21 қараша 2018
04:47
Лионель Месси аяғынан ауыр жарақат алды
28 қыркүйек, 12:05 1045

Каталондық «Барселона» шабуылшысы Лионель Месси тізесінен алған ауыр жарақатына байланысты жасыл алаңға 8 апта бойы шықпауы мүмкін. Бұл жайында клубтың Твиттер парақшасында хабарланды. 

«Мессидің сол аяғының тізесіндегі сіңіріне ауыр зақым келген. Ол алдағы 7-8 аптада болатын ойындарға қатыса алмайды» делінген әлеуметтік желідегі парақшада.

Айта кетейік, 26 қыркүйек күні Испания біріншілігінде "Барселона" өз алаңында "Лас-Пальмас" клубын қабылдаған болатын. Ойынның небәрі үшінші минутында аргентиналық шабуылшы қарсыластарының бірімен соқтығысып қалып, 10 минутта алаңнан кетті.

Аталған матч 2:1 есебімен каталондық клубтың жеңісімен аяқталды. "Барселона" сапынан қос голды да Луис Суарес салса, "Лас-Пальмастан" Хонатан Виера көзге түсті. 

​Baq.kz
Все новости