|    |  
13 қараша 2018
09:44
Лондондық Сити Brexit-тен кейін еуромен клирингтік есептесу құқығынан айырылады
30 маусым, 15:11 777

Франсуа Олландтың сөзінше бұл Еуроодақтан кеткісі келетіндерге сабақ болмақ.  
Ұлыбритания Еуроодақтан шыққаннан кейін Ұлыбританияның қаржы институттары еуромен клирингтік сауда операцияларын жүргізе алмайды.  Франсуа Олланд Брюссельдегі Еуроодақ саммитінде: «Ұлыбритания ЕО мүшелігінде болған кезде еуроаймақ үшін клирингтік операциялар жүргізген лондондық Сити компаниялары енді бұл операцияларды жүргізе алмайды.  Бұл Еуропаның ақырын күтіп отырғандар үшін үлгі болуы мүмкін. Бұл сабақ болады»-деген.
Бұның алдында Еуропаның Орталық банкі (ЕОБ) еуромен клирингтік операциялар жүргізетін британдық компаниялардың қызметін еуроаймаққа ауыстыруға тырысқан еді.

Дереккөзі: Аргументы и факты
Все новости