|    |  
13 қараша 2018
13:58
Мәди Рымбаев шоу-бизнес әлеміне алғашқы қадамын жасады
08 қыркүйек, 16:31 1016


Халық әртісі Роза Рымбаеваның ұлы Мәди Рымбаев өзінің алғашқы  әнін жарыққа шығарды. Әннің атауы “Сені ойлап” деп аталады

Жас орындаушы алғаш рет анасының 40 жылдық ән кешінде анасымен ән шырқаған болатын. Енді міне, жеке шығармашылығына көңіл бөле бастаған секілді.

Мәдидің ағасы Әли Оқапов  бүгінде қазақ эстрадасындағы танымал болып үлгерді. Ал Мәдидің аяқ алысы қалай болары уақыт еншісінде.

Айтпақшы, кейбір дерек бойынша, ағасы секілді Мәди де әні мен сөзін өзі жазған екен.

Олай болса, жас өнерпаздың шығармашылығына анасы мен ағасындай табыс тілейміз!






Дереккөзі: juldyz-alem.kz
Теги: Музыка
Все новости