|    |  
17 қараша 2018
13:47
Маңғыстау облысында жолаушылар автобусы тұтастай жанып кетті (видео)
22 шілде, 09:27 969


Ақтау-Жаңаөзен тас жолының 44 шақырымында «КАвЗ» маркалы автобусы отқа оранды. Автобуста тек қана жүргізуші болған. ТЖ департаментінің хабарлауынша, ол қауіпсіз жерге шығып үлгерген.
«Оқиға орнына Мұнайлы ауданының №5 өрт бөлімі бригадасы келді. Қызметкерлер өртті өшірді, бірақ автобус тұтас өртеніп кеткен», – деп хабарлады Маңғыстау облысы ТЖД кезекші бөлімі.
Автобус «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясына тиесілі болған. Ол кен орнынан жұмысшыларды алып кету үшін Жетібай ауылына бағыт алған.
Өрттің шығу себептері анықталуда.



Дереккөз: stan.kz
Все новости