|    |  
23 қыркүйек 2019
12:02
​Маржан Арапбаева: Бұрынғы жолдасым қызын іздемейді
10 қыркүйек 2019, 12:49 416
Маржан Арапбаева «Қарақатпен шай» бағдарламасына сұхбат беріп, жеке өмірі, отбасы, ата-анасы жайлы сыр шертті. Әншінің бірінші жолдасынан бір қызы бар. Қазір өзі екінші жолдасымен тұрады.


 
«Үлкен қызымның әкесі бөлек. Ол кісі қызының өміріне мүлде ат салыспайды. Іздемейді, хабарласпайды, сұрамайды. Мен ешқандай бөгет жасамағанмын. Қызым өзі іздеп, хабарласқан болатын. Мүмкін әкесі қызының жүрегін ауыртқысы келмегендіктен хабарласпайтын шығар. Бастапқыда жиі кездесіп тұратын. Ал қазір 8 жыл өтті. Байланыс үзілді. Алимент мүлде төлемейді. Менен де өте көп қателіктер болды. Жылдар бойы өзімді тәрбиеледім. Бірақ сол үшін ажырастық дейтіндей бір ғана себеп болған жоқ. Алты жыл бірге тұрдық. Мінезіміз жараспады-ау деймін. Екеуміз де ашуға бой алдырдық. Ең соңында ажырасу туралы шешім қабылдадық. Ол кісі де өнерден алыс емес. Әке-шешеме деген құрметі зор болды. Қолынан көп іс келетін. Бірақ солай болды. Қызым екінші жарыммен жақсы тіл табысады. Қазіргі жарым одан бар мейірімін аямайды»-дейді әнші.
 
Дереккөз: Reactor
Все новости