|    |  
20 қараша 2018
18:35
​Машинист трамвай жүргізіп келе жатып покемон аулаған
23 тамыз, 12:51 730

 
Чехия астанасы Прага қаласында трамвай жүргізушісі жұмыс уақытында ойын ойнаған. Трамвай сағатына 17 км жылдамдықпен келе жатқанда покемон аулап отырған жүргізушіні байқаған жолаушылар жүргізуші келіншекті ұялы телефондарына түсіріп алған. Кейін кәсіпорын басшылығы көлік жүргізушісінің жазаға тартылатынын хабарлаған. Алайда ереже бұзған қызметкерге қандай жаза тағайындалғаны әзірге белгісіз.
 
Айта кетейік, Чехияда жол қозғалысы ережесіне сәйкес рөлде отырып ұялы телефон қолданғаны үшін 2,5 мың крон айыппұл салынады.
 
Дереккөз: tonkosti.ru
Все новости