|    |  
14 қазан 2019
11:07
Мәскеуде Құран фестивалі өтуде
16 шілде 2015, 09:24 30
Мәскеуде Құран фестивалі өтуде


Мәскеуде Құран фестивалі өтіп жатыр. Игілікті шараға қатысу үшін қасиетті кітапты оқитын қарилар мен қарапайым мұсылмандар, сонымен қатар басқа діннің өкілдері Ислам мәдени орталығына жиналды. Айрықша көрмеге келгендердің назарын аударған жібек кілем болды. Онда Құран Кәрімнің барлық аяттары толық мәтінде жазылған. Бұл еңбекке шеберлер 6 жыл уақытын жұмсапты. Ал дауысы әсем қарилар Алланың сөзін әдемілеп оқып, келушілердің алғысына бөленуде. 17шілде, яғни жұма күніне дейін болатын фестивальге жергілікті мұсылмандардан басқа шетелдік қонақтар да келген. Ұйымдастырушылар қонақтарды сағат кешкі 11-ге дейін қабылдайды. Мұнда Рамазан айының соңғы күндерін атап өту үшін басқа да сауапты шаралар өткізілуде.

Дереккөзі:24.kz
 
Все новости