|    |  
14 қараша 2018
07:41
Мәскеулік McDonald’s-тан 5 млн. руль өтемақы талап етіп отыр
22 шілде, 10:36 899
Мәскеу тұрғыны қызының үстіне ыстық сусынның төгіліп кетуіне байланысты McDonald’s компаниясын сотқа берді. Жылдам тамақтану мейрамханалар желісі McDonald’s зардап шегуші тарапқа өтемақы ретінде 100 мың руль ұсынған, алайда зардап шегуші тарап одан бас тартып отыр деп хабарлайды РИА Новости.



McDonald’s мейрамханасының қызметкері қызмет көрсету барысында кішкентай қыздың үстіне ыстық сусынды абайсызда құйып алған. Соның нәтижесінде кішкентай қыз қатты термикалық күйік алған.

Бұл ақпараттарды McDonald’s компаниясының ресми өкілі қуаттады. «Шағымданушы тараппен ортақ келісімге келе алмағанымыз өкінішті»,- деді  мейрамханалар желісінің қорғаушысы Максим Титоренко.


 
Теги: Главная
Все новости