|    |  
15 қазан 2019
23:51
Мектеп оқушысы айдаһарлар үшін премьер-министрге пара берген
15 мамыр 2019, 14:45 49
Жаңа Зеландияда 11 жастағы мектеп оқушысы Виктория премьер-министр Джасинде Ардернге хат жазған. Жасөспірім премьер-министрден айдаһарларды, телекинез бен телепатияны зерттеуді сұраған. Хатымен бірге 5 доллар жіберген. Оны қаржылай көмек ретінде беріпті.


 
Бұл оқиға туралы желіге қыздың ағасы жазған. Хатқа жауап берген премьер-министр қазір биліктің мұндай зерттеулермен айналыспайтынын жазған. Дегенмен бұл ұсыныс оны қызықтырыпты. «Мен сондықтан сенің параңды қайтарамын және саған телекинез, телепатия мен айдаһарлар туралы ізденістеріңе сәттілік тілеймін»-деп жауап жазған.



Дереккөз: Сегодня
Все новости