|    |  
21 қараша 2018
02:46
​Мелания Трамптың сайты неге жабылды?
29 шілде, 09:58 599

 
АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамптың әйелі Мелания Трамптың www.melaniatrump.com сайтындағы материалдар ашылмай қалған. Бұған журналистердің Меланияның жоғары білімі туралы дипломы жоқ екендігі жөнінде айтқан болжамдары себеп болса керек. Меланияның өмірбаянында оның Любляна университетінде сәулет және дизайн мамандығы бойынша бакалаврлық білім алғаны айтылады.
 
Бірақ биографтар Меланияның университеттегі оқуын модель карьерасы үшін бірінші курстан кейін тастап кеткенін айтады. Бұл туралы словендік журналистер «Мелания Трамп – ішкі тарих: словен коммунистік ауылынан Ақ үйге» ("Melania Trump - The Inside Story: From a Slovenian Communist Village to the White House") деп аталатын кітапта жазған.
 
Трамптың баспасөз қызметі Меланияның біліміне қатысты еш мәлімет бермейді. Мелания Трамптың өзі твиттердегі парақшасында сайттың маңыздылығы болмағандықтан жабылғанын хабарлаған.
 
Бірнеше күн бұрын көпшілік алдында сөз сөйлеген Мелания Трампты тыңдаушылар Мишель Обаманың сөздерін қайталады деп кінәлаған еді. Кейінірек Трамп штабының қызметкері қателікті мойындап, Мишель Обаманың сөздері әдейі алынбағанын мәлімдеді.
 
Дереккөз: BBC.
Все новости