|    |  
11 желтоқсан 2018
14:09
Михаил Горбачев 85 жылдық мерейтойын қалай атап өтпек?
02 наурыз, 14:56 1003


КСРО-ның тұңғыш президенті Михаил Горбачев 85 жасқа толады. Ол өз мерейтойын достары мен отбасы мүшелерінің ортасында атап өтпекші.
Оған саясаткерлер, сыныптастары, қайта құру кезеңіндегі жақтастары, жалпы алғанда 150-ге жуық адам қатысады, деп хабарлады РИА Новости.
Бұдан бұрын «Горбачев-қорының» баспасөзбен байланыс бөлімінің басшысы Павел Палажченко мәлімдегендей, мерейтойын саясаткер достарының ортасында атап өтеді.
 «Шамамен 140-150 адам шақырылған. Бұл шара «Горбачев-қорда»  емес, басқа ыңғайлы орында өтеді. Оған саясаткерлер, сыныптастары, журналистер, қор қызметкерлері, қайта құру жылдарындағы жақтастары қатысады», - деді Палажченко. Ол қонаққа аралас-құралас, ет жақын адамдарды шақырғандығын атап өтті.
Горбачев КСРО-ның тұңғыш және соңғы президенті. Оның басшылық кезеңі геосаяси мағынада маңызды оқиғалар: «суық соғыстың» аяқталуымен, Ауғанстаннан кеңес әскерлерін шығарумен, Кеңес одағының ыдырауымен есте қалды.
1990 жылы Горбачев Нобель сыйлығының лауреаты атанды.


 
Теги: Қоғам
Все новости