|    |  
15 қараша 2018
15:22
​Мозамбик жағалауынан табылған ұшақ қалдықтары Malaysia Airlines лайнеріне тиесілі
25 наурыз, 10:43 855


Мозамбик жағалауынан табылған ұшақ бөлшектері жоғалып кеткен Malaysia Airlines әуе компаниясының лайнеріне тиесілі. Мұндай мәлімдемені Австралияның Инфрақұрылым және тасымалдау министрі жасады. Оны Австралияға жеткізіп, сараптама жүргізген мамандар сынықтың Boeing 777 ұшағының бөлшегімен толық сәйкес келетінін анықтаған. Естеріңізге сала кетейік, аталған лайнер 2014 жылдың 8 наурызында із-түpсіз жоғалып кеткен еді. Әуе кемесінде экипаж мүшелерін қосқанда барлығы 239 адам болған.

Дереккөзі: 24.kz
Все новости