|    |  
18 қараша 2018
15:01
​Мұнай бағасы құлдырауы мүмкін
29 шілде, 10:55 767
Америкалық банк қызметкерлерінің мұнай бағасына қатысты болжамы мәз емес.
Bank of America сарапшыларының пайымдауынша, Brent үлгісіндегі қара алтынның 1 баррелі 50 долларға дейін төмендейді. Қазір бұл өнім 52 доллар 31 цент шамасында сатылып жатыр.


Ал техастық ашық түсті мұнайдың бағасы үшінші тоқсанның аяғына таман 45 долларға дейін арзандауы ғажап емес. Әлемдік қара алтын нарығындағы тұспалдардың нашарлауына Қытай қор нарығындағы жағдай себеп. Себебі онда дүйсенбіден бері биржа индексі құлдырап жатыр. Қытайлық қаржы институттарындағы ахуалға экономикалық тұрақсыздық пен тұтыну бағаларының жоғарылауы кері әсерін тигізді.

Дереккөзі: 24.kz
Все новости