|    |  
13 қараша 2018
23:04
​Мысық асыраған ер адамдардың денсаулығы жақсарады
21 қазан, 16:37 840

Эдинбург ғалымдары үй жануарының, яғни, мысықтың ер адамдарға пайдасы көбірек деген тұжырымға келді. Зерттеушілер мысықтың нәзік жандыларға қарағанда, ер адамдарға көбірек әсерін тигізетінін анықтаған.

Дәрігерлер бұл жануарды үйде ұстау ер адамдарда жүрек талмасы мен инсульттің туындау қаупін 20 пайызға дейін азайтады деп есептейді. Зерттеуге 40-85 жас аралығындағы 10 мың адам тартылған. Деректерге сәйкес, 85 жасқа дейін өмір сүрген ер адамдардың 70 пайызы үйлерінде мысық асыраған болып шықты.

Биологтардың айтуынша, бұл осы жануармен ұзақ араласқаннан кейін туындайтын оң әсерге байланысты. Яғни, мысық пырылдап еркелегенде адамның қан қысымы төмендеп, оның бойында бақыт гормоны түзіледі, деп жазады Росбалт.

Айта кету керек, қара түсті мысықтар үйдегі негативті алуға көмектессе, ал түсі ақшыл мысық күйзелісте жүрген қожайынын емдейді екен. Жұмыстан шаршап келген адам қасында жайғасқан мысығына қарап, ашу басылып, жүйкесі тынығады екен.

Дереккөзі: massaget.kz
Теги: Қоғам
Все новости