|    |  
13 қараша 2018
23:04
Мысықтар туралы бейнематериалдар жоғары танымалдылыққа ие
19 маусым, 11:15 1081
Идиана Университетінің мамандары мысықпен түсірілген бейне роликтер адам психологиясына жағымды әсер ететіндігін дәлелдеп шықты.



2014 жылы YouTube желісіне шамамен 2 млн-ға жуық осындай видео салынған, оларды 2,6 млрд. адам тамашалаған. Яғни статистика бойынша, ғаламторда мысықтар туралы бейнежазбалар аса танымал болған.

Зерттеуге 7 мыңнан астам адам қатысты. Ғалымдар олардың басты кейіпкері мысықтар болып табылатын бейнематериалдарды тамашалаған соң эмоциялық күйлерінің қалай өзгеретінін зерттеді.
Нәтижесінде, видеодан бұл жануарларды тамашалау олармен тірідей қарым-қатынас жасаудан кем түспейтін әсер беретіні анықталды: зерттеуге қатысушылардың күйзелісі азайып, көңіл-күйлері жақсарған, олар ашу-ыза, тұнжырау немесе мазасыздану тәрізді жағымсыз эмоцияларды барынша аз сезінген.



Дереккөзі: MedDaily
Теги: Главная
Все новости