|    |  
23 наурыз 2019
09:34
Нәсілшілдік үшін жұмысынан қуылған журналист 30 млн доллар алады
22 қараша 2018, 12:31 3
Нәсілшілдік үшін жұмысынан қуылған америкалық белгілі журналист Мегин Келли еңбек келісімшартының бұзылғаны үшін 30 млн доллар алады.


 
2017 жылы журналист NBC арнасымен 69 млн долларға келісімшарт жасаған. Келісімшарт үш жылға есептелген. Келісімді бұзу шарттарына сәйкес Келли енді осы соманың бір бөлігін, яғни 30 млн доллар алады. 
 
Жұмысынан қуылар бұрын журналист Хеллоуинде бетті қара түске бояу туралы сөз қозғаған. Тыңдармандар бұл сөзін нәсілшілдікке балаған. Кейін ол жұмысынан босатылған.

Дереккөз: life.ru
Все новости