|    |  
19 қараша 2019
10:15
​Назгүл Қарабалина Азамат Сатыбалдыны қалай қаратқанын айтты
07 қазан 2019, 10:05 208
Белгілі театр актрисасы, режиссер Назгүл Қарабалина «Оңай емес» бағдарламасына сұхбат беріп, өмірі мен өнері, отбасы жайлы айтты. Актриса танымал актер Азамат Сатыбалдымен қалай танысып, қол ұстасқандарын айтып берген.


 
«Азамат екеуміз бір топта оқыдық. Азаматтың көзі көк, өзі сары, толықтау болатын. Бірінші көргенде көзіме оттай басылды. Кейін топқа түскенде екеуміз қас болып кеттік. Мен де мінезді, ол да мінезді. Ол маған «тіліңді тарт» дейді, мен «тартпаймын» деймін. Сөйтіп жүргенде ол бір қызбен кездесе бастады. Сол кезде менде қызғаныш болды ма, мен оны жақсы көретінімді түсіндім. Сөйтіп едім, бірақ маған қарамай қойды. Үйленем деп жүрді де сол қызбен әңгімесі жараспай қалды ма, бірдеңе болды. Мен сол сәтті пайдаландым. Менде блокнот болатын. Мен Азаматты жақсы көріп жүрмін, ол қарамай жүр. Сол блокнотта «Азамат, егер сен маған қарасаң, менің жақсы көретінімді түсінсең, қабылдасаң, мен сенің әке-шешеңе қарайтын едім, сенің бауырларыңды сыйлайтын едім» деп жазғанмын ғой. Ол оны оқиды. Әке-шеше деген қай еркектің жүрегіне тимейді? Сол жылдары мен екі жыл президент шыршасында ақшақар болдым. Сөйтіп 4-5 күнге Астанаға кеттім. Ол топтың старостасы. Астанада сөйлесу пунктіне келіп, оған хабарластым. Енді староста болған соң ешкім мені іздеп жатқан жоқ па деп оқудың жайын сұрап жатырмын. Сол кезде ол «Сен қашан қайтасың?» деп сұрады. Мен үш-төрт күнде қайтатынымды айттым. Ол «Сен келсеңші тезірек, мен сені сағындым ғой» дейді. Содан президентті де, шыршаны да ұмыттым. Сол үш-төрт күн өтпей қойды. Сөйтіп, ентелеп жүгіріп келсем, шынымен, көңілін айтты. Жақсы жар болады деген сияқты шешім қабылдаған болуы керек»-дейді.
Все новости