|    |  
11 желтоқсан 2018
14:12
Непалда құтқарушылар қирандылар астында қалып қойған сәбиді алып шықты
30 сәуір, 12:22 791
Непалда құтқарушылар жер сілкінісі нәтижесінде күйреген ғимараттардың қирандылары астынан тірі қалған 4 айлық сәбиді алып шықты, деп хабарлайды ресейлік БАҚ CNN-ге сілтеме жасап.


Нәресте, соған қарағанда, күйренділер астында екі күндей уақыт жатқан. Құтқарушылар сәбиді тапқан кезде, ол аштықтан әлсіреп қалған.

Еске сала кетейік, Непалда 25 сәуір күні магнитудасы 7,9 болатын жер сілкінісі орын алды. Эпицентр ел астанасы Катмандудың солтүстік-батысына қарай 82 км жерде орналасқан.

Жексенбіде зілзала жалғасып тауып, 50-ге жуық жаңа думпулер тіркелді. Зардап шеккендердің саны осының өзінде 6 мыңнан асып жығылды, зардап шеккендер –  11 мыңнан астам адам.

Дереккөз: КазТАГ

 
Теги: Қоғам
Все новости