|    |  
10 желтоқсан 2018
02:39
Нумерология: Сандар сыры
02 шілде, 10:13 1368
Нумерология ғылымы адамды туған күні арқылы тануға мүмкіндік беретін ғылым. Туған күніне қарап адамды оқуға болады. Ал нумерологиядағы 1-ден 9-ға дейінгі санда барлық құпия жасырылған. Сонымен сол сандарды сөйлетіп көрелік.


 
1 саны. Көшбасшылықты білдіретін қасиет. Адамның мінезінен хабар береді. Адамның туған күні арқылы есептелетін психоматрицасында 1 саны көп болған сайын адам соғұрлым мінезді келеді. Егер психоматрицасында 1 саны екі-үшеуден асатын болса ол адамдар өз дегенін алатын, өз дегеніне көндіретін, қалағанына қол жеткізетін, айтқанын қайтсе істететін адамдар болады.

2 саны. Энергия. Адамның энергиясын көрсетеді. Энергия өмірде барлық нәрсені шешеді деуге болады. Егер адамның психоматрицасында екілік көп болса ол адамның көшбасшылық қабілетін күшейтеді, кемшін түсіп жатқан тұстарының орнын толтырады.
 
3 саны. Адамның белгілі бір ғылымға, белгілі бір салаға бейімін, қабілетін, талантын білдіреді. Адамның психоматрицасында 3 саны көп болған сайын ол адам талантты келеді. Тек соны аша білу керек.

4 саны. Денсаулық. Психоматрицасында 4 саны жоқ адамдар туғаннан әлсіз, денсаулығы нашар болуы мүмкін. Мұндай адамдарға үнемі денсаулыққа көңіл бөлу керек.
 
5 саны. Логика. Адамның ойлау қабілетін, есін, саралау мүмкіндігін көрсетеді.
 
6 саны. Адамның физикалық еңбекке бейімі. Қол жұмыс пен қара жұмысқа қарым-қатынасын айқындайды.
 
7 саны. Сәттілік. Психоматрицасында 7 саны бар адамдар өмірде жолы болған адамдар. Тылсым мен табиғаттың өзі ол адамдарды қорғайды, сәтсіздік пен жазатайым жағдайлардан сақтайды. Олардың алдында қоғам үшін белгіленген белгілі бір міндеттер тұруы мүмкін. Тек осы сәттілікті жоғалтып алмау үшін ата-анаға деген борыш пен адамдарға деген сабырлылықты ұмытпау керек. Егер адам ата-ананың алдындағы парызын ұмытып, адамдарға сабырсыздық танытса сәттілігінен айырылады.
 
8 саны. Мейірім, сабыр мен төзім. Адамныцң психоматрицасында 8 саны көп болған сайын ол адам мейірімді, ұстамды, сабырлы келеді. Бірақ бұл адамдар жуас, тым елпілдек деген сөз емес. Бұл адамдарды алдап, мейірімін пайдалануға болмайды. Мұндай жағдайда бұл адамдардың ашуын тежеуі қиын.

9 саны. Адамның ақылы мен есте сақтау қабілетін. Адамның психоматрицасында 9 саны көп болған сайын ол  адам ақылды, өткір ойлы, есті, саралау қабілеті жоғары келеді. Көрегенділік қасиеттері болады. Сондай-ақ өткен-кеткен өкпе-ренішті де ұзақ сақтайтындықтан, кекшілдікке бой алдыруы мүмкін.
 
Дереккөз: Reactor
Все новости