|    |  
27 мамыр 2019
04:26
Нұрсұлтан Құрман ата-анасының өзі сүйген қызды алуына қарсы екенін айтты
08 сәуір 2019, 17:34 301
Белгілі тележурналист Нұрсұлтан Құрман «қарақатпен шәй» бағдарламасына сұхбат беріп, жұмысы мен жеке өмірі жайлы сыр тарқатты. Журналист сүйіктісі бар екенін, бірақ үйленуге ата-анасының қолдау көрсетпей тұрғанын айтқан.



«Бала-шағам жоқ. Бірақ өмірлік серігім бар десем де болады. Бірге тіл табысқан, ойымыз бен көңіліміз бір жерден шығатын, бір-бірімізді қолдап, демейтін азамат бар. Ол адам міндетті түрде болуы керек. Өнер адамы емес. Әрқайсымыздың өз үйіміз бар. Ол өз үйінде, мен өз үйімде тұрамын. Бірақ басымыз бір жерде көп тоғысады, шайды көбіне көп бірге ішеміз ғой. Бойында жасандылық жоқ. Сонысымен баурады. Біздің таныстығымыз жай таныстық болды. Уақыт өте келе бауыр басып қалдық. Бауыр басуға бұрын сенбейтінмін. Кейін 4-5 жылдың ішінде сезім пайда болды. Менен жасы кіші емес. Таныс, дос-жаран біздің бір-бірімізге сай, жарасымды екенімізді біледі. Сыйлайды, құрметтейді. Болашақ жарым деп 100 пайыз айтпай-ақ қояйын. Шешімін таппай жүрген бірнеше фактор бар. Бір жылдың көлемінде шешіледі деп ойлаймын. Барлығы менің қолымда емес. Ата-анам рұқсатын берді деп айта алмаймын. Көп жағдайда ата-анаммен ойымыз бір жерден шығатын. Дәл осы жағдайға келген кезде кішігірім түсініспеушілік орын алды. Екеуінің тарапынан демей-ақ қояйын, біреуінің тарапынан түсініспеушілік туындады. Ата-ананың пікірін сыйлау керек, одан аттап кетуге болмайды. Әкенің батасы деген болады. Сол мәселе шешілсе болды. Отбасылық өмірге өзім дайынмын. Ер азамат болғаннан кейін әулетімнің кеңейгенін қалаймын»-дейді.
Все новости