|    |  
13 қараша 2018
14:00
Обаманың әйелін маймылға теңеген әкім қызметінен кетті
16 қараша, 11:37 924

 
Батыс Вирджиния штатындағы Клей қаласының әкімі Беверли Уэйлинг Фейсбукте Мишель Обамаға қатысты пікір жазып, жұмысынан қуылды.

Дәлірек айтқанда, жергілікті «Clay County Development Corp» компаниясының директоры Памела Тейлор Барак Обаманың жұбайы Мишель Обаманы «биік өкше киген маймылға» теңеп, жазба қалдырған. Құрбысының осы жазбасына әкім ханым «Пэм, сен мені қуанттың» деп пікір жазған.
 
Осыдан кейін қос келіншектің тарапына айтылған сын қарша бораған. Тэйлор әкімшілік еңбек демалысына кетуге мәжбүр болса, Уэйлинг кешірім сұрап, қызметінен кеткен.
 
Қазір қалалық кеңес әкім ханымның орнына адам іздеп жатыр. Уэйлингтің өкілеттігі үш жылдан кейін аяқталуы тиіс болған.
 
Дереккөз: life.ru
Все новости