|    |  
14 қараша 2018
11:50
Обаманың отбасы құндылығына деген құрметі қайран қалдырды (ВИДЕО)
12 қазан, 10:20 949

 
Ел басқарған президенттің көпшілікпен жүздесіп, қол алысуы қалыпты құбылыс. Төмендегі видео да АҚШ президенті Барак Обаманың бұқарамен кездесуі кезінде түсірілген.
Қырағы журналистер осы сәтте Обаманың неке, отбасы құндылықтарына деген құрметін байқап қалған. Ұшақтан түскен Обама көпшілікке жақындай бере қолындағы неке жүзігін шешіп алып, дереу қалтасына салады.  Журналистер президенттің бұл қылығын некенің киесін жоғары бағалау, неке жүзігін кез-келгенге ұстатпау ұстанымы деп түсінген. Және президент бұл әдетін түрлі іс-шарада бірнеше мәрте байқатқан.
Барак Обама 24 жыл бұрын отбасын құрған. Жақында бала-шағасымен осы қуаныштарын атап өткен болатын.




Дереккөз: The Washington Post
Все новости