|    |  
12 желтоқсан 2019
05:54
​ОҚО-да жыл үздіктері марапатталды
25 желтоқсан 2015, 10:09 30

Оңтүстік Қазақстанда жыл қорытындысы бойынша әр салада жемісті еңбек еткен, халыққа сапалы қызмет көрсетуде абырой биігінен көрінген азаматтарға «Жыл үздігі» номинациясы табысталды.

Жиынға қатысқан өңір басшысы Б.Атамқұлов жыл бойы атқарған істі електен өткізіп, сол жолда жемісті еңбек еткен азаматтар мен еңбек ұжымдарын 39 аталым бойынша марапаттады.

«Өзінің туып-өскен жері үшін, елі үшін еңбек еткен әр адамның еңбегі еленуі тиіс. Халық тарапынан бағасын алуы керек. Бұл біздің елдігімізді көрсететін дүние. Өздеріңіз білесіздер, Елбасы өз Жолдауларында үнемі еңбектің мәртебесін көтеруге баса назар аударып отырады. Еңбек адамының беделін асқақтатуға, адал еңбектің нәтижесін көруіне аса зор мән береді», - деді облыс әкімі.

shymkent.gov.kz
Все новости