|    |  
13 қараша 2018
09:42
Оқшауланған Иран банктері Еуропаның ірі банктерімен байланыс орнатпақ
22 қараша, 14:00 465

 
Иран банктері ұзақ уақыт әлемдік  нарықтан оқшауланып қалған еді. Бұл ел банктерінің жұмысына кері ықпал етті. Сол себепті де банк басшылары қазір ішкі нормативтерін халықаралық стандарттарға сәйкестендіріп, әлемдік бизнес-процесс пен индустрияға қосылмақ.

Еуропалық ірі банктер әлі де болса Иран банктерімен серіктестік құрудан қауіптенеді. Себебі АҚШ-тың санкциялар салу қаупі бар.

Ал Иранға экономиканы жандандыру үшін еуропалық ірі банктерді тарту ауадай қажет. Қазір ирандықтар 240 банкпен қарым-қатынасты жаңғыртуды көздеп отыр. Олардың арасында шағын және орта несиегерлер де бар.

Дереккөз: http://www.vestifinance.ru/
Все новости