|    |  
15 қараша 2018
04:49
Өлі теңіз құрып кетуі мүмкін
04 наурыз, 11:22 908

Израильдегі Өлі теңіз суының деңгейі төмендеп барады, деп израильдік ғалымдар дабыл қағып жатыр. Бұл туралы Утро.ру хабарлады.
1976 жылы Өлі теңіздің беті мұхит деңгейінен 398 метрге төмен болған. 2015 жылдың желтоқсанында бұл көрсеткіш  минус 430 метрге жетті.
20 жылдан кейін Өлі теңіздегі су деңгейі бүгінгімен салыстырғанда тағы 25 метрге төмендейді. Бұрын израильдік ғалымдар 2050 жылға қарай теңіз мүлдем құрып кетуі мүмкін деп болжаған. 

​ҚазАқпарат
Теги: Қоғам
Все новости