|    |  
25 сәуір 2019
07:11
​Олимпиадада теракт жасауға дайындалған күдіктілер ұсталды
12 тамыз 2016, 11:30 4


Бразилияның құқық қорғау органдары Рио-де-Жанейродағы Олимпиадада теракт жасауға дайындалды деген күдікпен екі адамды ұстады. Полиция таратқан хабар бойынша, ұсталған азаматтар «Ислам мемлекетінің» жақтастары. Тағы ұсталған үш адам тергеуден кейін босатылған.
Бұған дейін де Бразилияда Олимпиада кезінде теракт жасамақ болған қылмыстық топтың 12 мүшесі ұсталған болатын. Қылмыскерлер Бразилияның он штатында тұтқынға алынған-ды. Ел билігі тұтқынға алынғандардың «Ислам мемлекетімен» байланысы жоқ екенін, бірақ олармен байланысқа шығуға тырысқандарын мәлімдеген еді.

Дереккөз: Аргументы и факты
Все новости