|    |  
13 желтоқсан 2018
18:17
Олимпиадаға арнап салынған веложол қирады, бірнеше адамды толқын алып кетті
22 сәуір, 15:04 803


Рио-де-Жанейрода Олимпиадаға арнап салынған веложол қирады, бірнеше адамды толқын алып кетті.
Бұл оқыс оқиға веложолға орасан толқын соққаннан кейін болған. Жағалаудағы жартасқа құлаған бірнеше адамды толқын ашық теңізге алып кеткен.
 Тағы үш адамды қираған үйінділердің астынан алып шыққан. Олар ауруханаға жатқызылды.
"Тим Майя" веложолын осы жылғы қаңтарда ашқан болатын. Оның ұзындығы төрт шақырымға жуық. Жол құрылғысы он метр биіктікте, ол жағалауды бойлай салынған. "Глобу" басылымының жазуынша, 50 метрлік құрылғы құлаған. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, атап салдарынан екі адам қаза тапқан.
 
Все новости