|    |  
14 желтоқсан 2018
12:36
Олимпиадаға Ресейден тек бір ғана жеңіл атлет қатысуы мүмкін
11 шілде, 10:41 659


Жеңіл атлетика федерациясының халықаралық қауымдастығы (IAAF) ұзындыққа секіруші Дарья Клишинадан өзге ресейлік спортшыларға халықаралық старттарға, соның ішінде Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына қатысуға рұқсат бермеді, деп хабарлайды ТАСС.
Ресей олимпиада комитетінің құқықтық басқарма жетекшісі Александра Бриллиантова Клишинадан өзге барлық спортшының қабылданбағанын растады.
Екі дүркін олимпиада чемпионы Елена Исинбаеваның бапкері Евгений Трофимов IAAF халықаралық жарыстарға қатысу туралы спортшы өтінішін қабыл алмағанын хабарлады.
IAAF кеңесінің 17 маусымдағы шешіміне сәйкес, халықаралық старттарға, соның ішінде Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына Ресей допингке қарсы жүйесіне және допинг дауларына қатысы жоқтығын дәлелдеген ресейлік атлеттер ғана қатыса алады.
3 шілде күні Ресей олимпиада комитеті және ресейлік 68 жеңіл атлет Лозаннадағы Спорт істері бойынша сотқа (CAS) шағым түсірді. Істі қарау 19 шілдеде басталады, CAS шешімі 21 шілдеге дейін жариялануы тиіс.

 
Все новости