|    |  
20 қаңтар 2019
16:03
​Олимпиаданың 22 дүркін чемпионы өзінің ізбасарынан жеңілді
15 тамыз 2016, 14:36 733

 
Олимпиадалардан 22 алтын медаль алған даңқты спортшы Майкл Фелпс 23-ші алтын үшін сынға түскенде өзінің ізбасарына жол берді. Баттерфляймен жүз метрге жүзуден сингапурлық  Джозеф Исаак Шулинг өзінің кумирінен бір секундқа озып, чемпион атанды. Майкл Фелпс баттерфляймен жүз метрге жүзуден үш мәрте Олимпиада алтынын алған. Бұл жолы екінші орынды еншіледі.
 


Бір қызығы, Шулингтің осы спортқа келуіне сегіз жыл бұрын Фелпс себепші болыпты. Майкл Фелпс пен Джозеф Шулинг 2008 жылғы Пекин Олимпиадасының қарсаңында кездейсоқ кездескен. Америкалық команда Сингапурда жаттығып жүріп, қала сыртындағы клубқа барған екен. Ал аталмыш клубта 13 жастағы Шулинг демалып жатқан.  Қазір Фелпс 31-де болса, Шулинг 21-де.


                                             Джозеф Исаак Шулинг

Фелпс өзінің 22-ші медалін алғанда Риодағы ойындардан кейін карьерасын аяқтайтынын айтқан болатын.
 
Дереккөз:  championat.com
Все новости