|    |  
23 мамыр 2019
16:07
Өмірді "қолдану" ережелері
01 сәуір 2019, 15:23 80


1. Сені мазалайтын не, соған баса мән бер — бұл маңызды болуы мүмкін, өйткені сен өзіңнің мазасыздығының себебін ашып, уақыт өте құтыла аласың. Елемей жүре бергенді қой, төзе берме.

2. Негативті сезімдермен өмір сүру ауыр болады, біріншіден, ұзаққа бармайсың, екіншіден негатив тек негативті тартатын болады. Себепсіз күлімдеу оңай болмайды, сондықтан cаған қуаныш сыйлайтын не, соны ізде, айналыс.

3. Басқаларға бола өз тұлғалық еркіндігіңді буындырма, өміріңдегі барлық адамдар уақытша, сол себепті өз-өзіңмен мықтылап достасып алғаның жөн болады.

4. Өз қызығушылықтарыңа назар аудар, бәлкім ішіндегі біреуі сен өміріңді арнағың келетін іс шығар.

5. Өз қорқыныштарыңа қарсы тұруға дайын бол, себебі ерте ме, кеш пе өмірлік маңызы бар бұл шайқас орын алады.

6. Басқаларды қызғанып, көре алмаудың орнына дәл қазір саған қандай қабілет, қасиет жетіспейтінін өз-өзіңнен сұра.
Все новости