|    |  
24 мамыр 2019
08:16
Өмірді жақсартатын кеңестер
04 мамыр 2019, 09:56 132


Назарларыңызға өміріңізге, денсаулығыңызға пайдасы мол кеңестерді ұсынамыз: 

1. Отырып тамақтану 

Бәліштер, хот-дог, шоколад секілді үзіп жейтін тағамнан бас тартыңыз. Оның орнына отырып, асықпай тамақтануды әдетке айналдырыңыз. 

2. Көлікті алыс жерге қою 

Әдетте, сауда орталықтарына барғанымызда көлік иелерінің орталыққа кіруге жақын жерде көліктерін қалдыруға ұмтылатынын байқаймыз. Керісінше, көлікті мейлінше алысырақ қойып, 500 метрдей оған жеткенше серуендеп, бұлшық еттерімізді қимылдатып, сергіткен дұрыс. 

3. Кішірек тәрелкелер алу 

Ғылыми сараптамалардың нәтижесі бойынша тәрелке кішірейгеніне қарай сіздің жейтін тағамыңыздың көлемі де азая түседі. Яғни, кішірек жей тұра толыққанды тамақтанғандай боласыз. 

4. Баспалдақ 

Егер көтерілетін қабат саны ақылға сыйымды болса, баспалдақты пайдаланғаныңыз дұрыс. Ал егер лифтсіз көтерілу қиынға соғатындай жағдай болса, сәл ертерек шығып, бірнеше қабатқа баспалдақпен көтеріліңіз. 

5. Көк шай 

Көк шайдың денсаулыққа пайдалы қызметі бәрімізге мәлім. Ол ісікке шалдығудың алдын алуға, диабетті, жүрек ауруын, холестерин құрамын азайтуға септігін тигізеді. 

6. Күнделік арнау 

Күнделік дегенде, әдетте «күнде жазып отыру керек» деген ауыр ой келеді. Ол қатып қалған қағида емес. Өз ойларыңызды, сезімдеріңізді, мақсат пен үміттеріңізді жазып отырсаңыз да жетерлік. 

7. Қоршаған ортаңызға көз жүгіртіңіз 

Өзгелермен керісіп, өз сөзіңе сендіріп, күйіп-пісуге уақытыңыз жоқ екенін түсіне біліңіз. Ашу, ыза, үрей ұялататын адамдардан құтылыңыз. Сіздің айналаңызда тек позитивті, ашық-жарқын тілекшілеріңіз болуы керек. Олар сіздің рухыңызды көтеруге көмегін тигізетіні сөзсіз. 

8. Тәтті сусыннан бас тарту 

Тәттілерден бас тарту – оңай емес. Сондықтан, ең болмағанда, тәтті газды сусынның орнына су ішуді бастаңыз. 

9. Жаңа білімге ұмтылу 

Би, йога, шет тілін үйрену, коньки тебу, сурет салуды бастаңыз. Жаңа білім сіздің ойлау және есте сақтау қабілетіңізді жақсарта түседі. 

10. Кітап оқу 

Теледидар, компьютер, телефоныңыздан бір сағатқа қашықтап, кітап оқуды бастаңыз.
Все новости