|    |  
20 мамыр 2019
01:33
Орамжапырақ диетасы
15 сәуір 2019, 11:43 128



Орамжапырақ диетасы мейлінше қиын. Есесіне тез нәтиже береді. Диета ұстау кезінде қанша су, көк шай ішемін десеңіз де шек қойылмайды. Дұрысы – 1-2 литр су. кофе зат алмасуды тездететін болғандықтан, таңғы асқа ғана ұсынылады. Диета кезінде тұз бен секерді ұмытасыз. Ұзақтығы 10 күнге созылатын бұл диетаны екі ай сайын қайталауға болады. 

Орамжапырақ диетасының мәзірі 

Таңғы ас: көк шай, кофе, газдалмаған, минералды су; 

Түскі ас: сәбіз бен орамжапырақтан жасалған салат. Қайнатылған сиыр еті, тауық еті, майсыз балық. Осылардың біреуін 200 грамнан аспайтын етіп аласыз. 

Кешкі ас: қырыққабат салаты, бір қайнаған жұмыртқа, бір алма және бананнан басқа кез келген жеміс. 

Ұйықтардан екі сағат бұрын 1 стақан майсыз (1%) айран. 


Капустадан жасалған салат орнынакөкөністен жасалған сорпа ішуге рұқсат. 

Ешқандай жаттығу жасамай-ақ он күнде 6-10 келіге дейін тастайсыз. Алкоголь пайдалануға қатаң тыйым салынады, ешқандай ұн, кондитер өнімдерін қолданбайсыз.
Все новости