|    |  
27 маусым 2019
01:11
Өрік сүйегі майының сұлулыққа пайдасы
21 мамыр 2019, 18:03 68
Өрік майын басқа сүйекті майлар секілді өріктің сүйегін суық сығымдау арқылы алады. Одан алған май экологиялық таза табиғи өнім болып саналады. Ол дәрумендер мен басқа да пайдалы заттарға бай. Өрік майы барлық типті тері түрлеріне күтім жасау үшін косметологияда кеңінен қолданылады. 



Өрік майының құрамындағы пайдалы заттар: 

- Терінің жасушаларын толық қызметпен қамтамасыз ететін көп қанықпаған майлы қышқылдар; 
- Теріні ылғалдандыратын және жұмсартатын А дәрумені; 
- Терінің жас әрі тығыз қалпын сақтайтын С дәрумені; 
- Теріге қажетті маңызды В дәрумені; 
- Терінің қайта қалпына келуін тездететін, қартаюын баяулататын және терідегі ұсақ тесіктердің кеңеюін алдын алатын F дәрумені (көп мөлшерде). 

Үй жағдайында өрік майын бет терісіне қолдану 

Бет терісіне арналған өрік майы құрғақ, аралас және сезімтал терілерге ұсынылады. Сонымен қатар, өрік майын сәбидің терісіне де қолданады. 

Өрік майы сұйық әрі иіссіз, бет терісінде майлы жылтыр қалдырмайды. Өрік майының өзін де, басқа майлармен қосу арқылы да қолдануға болады. Мысалы, ұйықтар алдында бет терісіне кремнің орнына өрік майын жағып, уқалауға болады. 

Өрік майын, сонымен қатар, зақымдалған теріге жағуға болады. Майды бетке арналған ылғалдандырушы және құнарландырушы кремдерге араластырып қолдануға болады. Көз айналасына арналған құралдарға да өрік майын араластырса, нәтижесі тиімдірек болады. 

Аздап қыздырылған өрік майын бет тазартатын тоник ретінде пайдалануға болады. 

Проблемалық бет терісіне маска дайындау үшін 1 ас қасық өрік майы, 2 тамшы зәйтүн майы және лимон суы керек. Барлық ингредиентті араластырып, жылы суға батырылған мақтамен теріні сүру қажет. 

Теріні қарқынды құнарландыру үшін өрік майына басқа да майлардың 5-6 тамшысын тамызып, қайнап жатқан судың буына ұстап, қайнауға дейін апарыңыз. Содан соң сол жылы қоспаға дәкені малып бетіңізге қойыңыз. Мұрын, ерін және көзді ашық қалдырыңыз. Жылы дәкенің үстінен пакетпен жабыңыз. Жылылықты сақтау үшін қалың орамалмен жауып қойсаңыз болады. 20 минут өткен соң жуып тастаңыз.

Дереккөз: Reactor
Все новости