|    |  
18 қаңтар 2019
02:19
Отандық әнші халықтан Төреғали Төреәлі үшін кешірім сұрады
21 наурыз 2018, 16:17 231


Төреғали Төреәлінің ән кешіне қарағандылық жастар қарсы шыққан болатын. Алайда әншінің әріптесі Нұржан Керменбаев өзінің жеке концертінде көпшіліктен ол үшін кешірім сұраған деп хабарлайды «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әншіні әріптестері әлдеқашан кешіріп қойған. Тіпті Төреғалидың атынан көпшіліктен кешірім де сұраған.

«Төреғалидің өзі білмейтін шығар. Жақында ғана мен де Қарағандыда концерт беріп қайттым. Сол кезде Мақпал Жүнісова апамыз ұқсап, мен де кешірім сұрадым. Сондықтан Төреғалидің ән кешіне сәттілік тілеймін», - деді Керменбаев.


 
Все новости