|    |  
14 қазан 2019
13:08
Отбасын құрудың 10 пайдасы
28 қаңтар 2019, 17:55 33


1. Тұрмыс құрған кісі Алланың бұйрығына бойұсынған болады; 

2. Ардақты Мұхаммед Пайғамбарымыздың ( ﷺ ) сүннетіне ерген болады; 

3. Тән құмарлығын адал жолмен қанағаттандырып, көзін арамға салмайтын болады; 

4. Әйел кісілер ұятты жерлерін қорғап, ар-намысын аяқ асты етпейді; 

5. Қоғамда азғындық, арсыздық, нәпсіқұмарлықты таратпайтын болады; 

6. Қияметте Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа ( ﷺ ) қуанатындай ұрпақ көбейтеді; 

7. Адал жарымен бірге жатып, сауапқа кенеледі; 

8. Мұсылмандықты жұртқа үлгі ететін перзенттердің туылуына себеп болады; 

9. Адал перзенттері жұмақтың қақпасына тұрып алып, оған алдымен ата-анасын, содан соң өздерін кіргізуін сұрайтын болады. Сонда Алла Тағала оларға: «Ата-аналарың да, өздерің де жұмаққа кіріңдер!» дейді; 

10. Үйленген, тұрмыс құрған адам жүрегіне демеу, көңіліне тұрақ табады.

Дереккөз: Reactor
Все новости