|    |  
12 желтоқсан 2018
12:29
Отбасынан мансабын жоғары қоятын 6 жұлдызнама белгісі
14 қараша, 15:14 246
Мансап па әлде отбасы ма? Бұл көптеген адамды мазалайтын ой екені белгілі. Бірі отбасын таңдап жатса, енді бірі мансапты қалайды. Ендеше қай жұлдызнама өкілдері отбасынан гөрі мансапты жоғары қояды, соны білейік.



1. Тоқты

Отбасы мен некеге қарағанда, тоқтылар мансабында жақсы жетістіктерге жете алады. Ол бәсекелестікті ұнатады, батыл әрі мақсат қоя біледі және кез келген сайыста оның күтетіні алғашқы орын екені анық, тоқты мұндай жетістікке тек қана жұмыс барысында жете алады.

2. Торпақ

Торпақ – материалды дүниені көбірек ойлайтын әрі ләззат алуды қалайтын белгілердің бірі. Өз мақсатына жету үшін оның жауапкершіліг мол, салмақты әрі тұрақты. Бұл жұлдызнамаға тиесілі жандар бірбеткей, өз шешімін өзгертпейтін тұлғалар, мұның бәрі де отбасы емес, мансап үшін керекті дүниелер екені анық.

3. Арыстан

Жалынды арыстан  – аңдар патшасы және туа біткен көшбасшы. Олар жеке бас қарым-қатынасымен жұмыс жасағаннан гөрі мансабын жоғарылатқанды тәуір көреді. Бұлар ашық әрі мықты адамдар, олардың мақсаты – тым биікке көтеріліп, өз еңбегінің жемісін көру.

4.Бикеш

Бикеш – жер элементі. Оны өзгелерден еңбек әдебі мен жұмыс жасауға  деген ынтаның болуы ерекшелейді. Бикештер мансабын жоғарылату және табысқа жету бағытында жұмыс жасайды. Бұлар – өз жұмысынан нәтиже шығара білетін, мақсатты тұлғалар.

5. Мерген

Мерген – табысты мансап жолын қалайтын от белгісі. Олар жаны қалмай өз мақсатына жетуді міндет санайды. Олардан жақсы көтерілуді қалап, тәуекелге баратын кәсіпкерлер шығады. Мергендерді «кәсіпкерлік рухты игергендер» деп те айтуға болады.

6. Суқұйғыш

Суқұйғыш – әлемдегі туындаған қайшылықтармен және әлеуметтік әділетсіздікпен күресе білетін ауа белгісі. Ғылымға өз үлесін қосқан танымал тұлғалар дәл осы жұлдызнама белгісіне тиесілі. Чарльз Дарвин, Галилео Галилей және Томас Эдисон – суқұйғыштар.

Дереккөз: flytothesky.ru
Все новости