|    |  
27 мамыр 2019
12:16
Өтті тазалау тәсілі
18 қаңтар 2019, 15:40 189


​Өтті үй жағдайында тазартуға болады. Ол үшін 40 грамм қарақұмық (гречка) жармасына 1 стакан су құйып, баяу отта 20 минут қайнатасыз. Қант пен тұз қосуға болмайды. Оны жылы күйінде ашқарынға жеу керек. 
Сосын бір жарым сағат оң жақ бүйіріңізбен жатасыз, жылы орану шарт. Бауыр тұсыңызға ыстықтау грелка қойыңыз. Осылай айына екі рет жасап тұрсаңыз өт қоюланбайды, оған тұз бен құм жиналмайды. Ал өт қабы дұрыс жұмыс жасаса ас ағзаға дұрыс сіңіп, ондағы барлық пайдалы қоректер сізге қуат беретіні анық. Жасап көріңіз.
Ағзадағы кейбір жайсыздықтар, атап айтқанда асқазанның қыжылдауы, ас сіңбеу, дененің ауырлап, қызудың ойнамалы құбылуы, іш қату, ұйқы қалыпсыздығы кейде өттің қоюлануынан болады. Сол үшін өт қабын анда-санда тазартып тұрған тиімді.
Все новости