|    |  
10 желтоқсан 2018
22:38
Өзбек мигранттары Стокгольмде мешіт салады
12 сәуір, 14:25 788

Швеция астанасында құны 500 мың АҚШ доллары тұратын жаңа үш қабатты ғимарат бой көтермекші. Бұл білім орталығы, балабақшасы және конференция залы мен дүкендері болатын мешіт болмақ. 

Бастамашылар Стокгольмде тұратын мұсылмандарға арналған ислам мәдени орталығының жетіспеушілігімен түсіндіреді. 6 жыл бойында жүргізілген келіссөзден кейін, құрылыс жұмыстарына биыл рұқсат алған. Мешіттің іргесі 25 сәуірде қаланады деп күтіледі.
Швецияда тұратын Өзбекстаннан шыққан Абдулхамид Раимовтың айтуынша, мешіт мұсылмандардан садақадан түскен ақшаға салынады.
10 миллион халқы бар Швецияда шамамен 600 мың мұсылман тұрады.
Швецияның статистика жөніндегі департаментінің мәліметінше, өзбек мигранттарының саны - 3,5 мың. 

​ Baq.kz
Теги: Главная
Все новости