|    |  
26 маусым 2019
07:01
​Өзіңізді кітап оқуға қалай мәжбүрлеуге болады
07 маусым 2019, 11:46 136
Кітап оқығыңыз келеді, бірақ мойныңыз жар бермей ме? Ұмытып кете бересіз бе? Ендеше сізге көмектесіп көрейік. «21 күн» деген ережені естуіңіз бар шығар? Естісеңіз дәл осы әдіс сізге кітап оқуға жаттығуға көмектеседі.


 
Кез келген істе 21 күн істесе ол күнделікті істелетін әдетке айналып кетеді екен. Әрине бастапқыда істеу қиын, бірақ өзіңізді 21 күн кітап оқуға мәжбүрлесеңіз оп-оңай үйреніп кетесіз.
 
Екіншіден өзіңізді қызықтыратын кітапты таңдаңыз. Өзіңізге қызықты тақырыптарда жазылғанын іздеңіз.
 
Жата алдында күніне 10-15 минут оқуға тырысыңыз. Кітапты көзіңізге түсіп тұратын жерге қойып қойыңыз. Ең бастысы бастау. Бастағаннан кейін 21 күн үзбей істесеңіз, дағдыңызға айналады.
 
 Дереккөз: Сегодня
Все новости