|    |  
12 желтоқсан 2018
23:51
Өзіңізді ренжіткен адамды қалай кешіруге болады?
09 қараша, 18:07 166
Адам өзі бақытты болғысы келген кезде ғана бақытты бола алады. Ал жүрегіңізде өкпе-реніш болса бақытты болу мүмкін емес. Оның емі кешіру. Кешіру іштегі ауырлықты, өкпе-ренішті босату, жіберу. Соның 11 тәсілін ұсынбақпыз:


 
1. Үнемі негативте болсаңыз алға қарай жүре алмайсыз. Бұл сізге ешқандай пайда әкелмейді.

2. Негативті эмоциялар кез келген адамды билеп кетуі мүмкін. Себебі біз бәріміз қателік жасаймыз, біреуді ренжітеміз. Бұл өмір. Сондықтан өмірді өз өрнектерімен қабылдау керек.  

3. Сіздің қателіктеріңіз үшін өзгелердің өзіңізді кешіргенін қаламайсыз ба? Қалайсыз. Сіз де қателік жасағансыз. Біреу сізді кешіргенде, сіз қалай өзгені кешіре алмайсыз?

4. Ашу  - зиян. Кек сіздің уайымыңызды арттырады. Өткендегі өкпені босатып, қазіргі сәттің сұлулығын көріңіз.  

5.Жүрегіңізде өкпе-ренішті сақтап жүру арқылы сіз жеке өміріңізді лайлай бересіз. Бұл сізге мүлде қажет емес.

6. Ашу қысқанда тыныс алуды ұмытасыз. Бұл сізді соқыр етеді. Қандай ауыр өкпе болса да оны босату арқылы сіз тек өзіңізге жақсылық жасайсыз.

7.Бізге біреудің жаман қасиеті ұнамағн сайын, біз оны өз өмірімізге тарта береміз. Бұл тартылыс заңы.  

8. Біз біреуді кешірген кезде тартылыс заңымен кешіру қасиеті адамдан адамға беріледі.

9. Адамдардың есінде өкпелегіш адам болып қалғыңыз келе ме? Егер олай қалғыңыз келмесе кешіріңіз.

10. Қанша жерден өкпелесек те біз іштей мейірімді сақтап қаламыз. Осыған сеніңіз.

11. Сіз өз бақытыңызға жауапты жалғыз адамсыз. Өміріңізді өкпеге арнайсыз ба? Әлде бақытқа бөленесіз бе? Мұны тек сіз шешесіз

Дереккөз: Сегодня
Все новости