|    |  
24 наурыз 2019
12:04
Өзіңізге күтім жасаған кезде қолданатын қарапайым 10 құпия
27 ақпан 2019, 20:27 56
Біз кеңсемізде әртүрлі күтім жасау құпияларымен бөліскенді жақсы көреміз. Сосын бұл әдістерді үйде қолданып, нәтижесін де бір-бірімізге бағалатамыз. Осы мақалада мен сіздермен өзіміздің қолданатын және жақсы нәтиже берген әдіс-тәсілдермен бөліспекпін. 



1. Кәдімгі қасық көз астына жағылып қалатын тушь іздерінен қорғай алады. Кірпікке тушь жағып тұрған кезде, қасықты төменгі қабақтың астына ұстап тұрсаңыз, болғаны. 

2. Көзіңіз ісіп тұрса, аршылған картопты алып, тура ортасынан екіге бөліңіз де, көзіңізге 10 минутқа басыңыз. Көздің ісігі қайтып, өң кіріп қалғанын байқайсыз! 

3. Қазіргі кезде бетке жасалатын масканың неше түрлісі бар. Бірақ біздің айраннан жасалған масканы бір көрсеңіз, теріңізге бұдан артық күтімнің қажеті жоқ екенін түсінесіз. Оны дайындау үшін, екі қасық айран, бір ас қасық бал және жұмыртқаның сарысы қажет. Осы үшеуін жақсылап араластырғаннан кейін, таза бетке 18-20 минутқа жағып қою керек. Сосын бетті суық сумен шайыңыз. Айран маскасы бетті жақсы тазартады, қорғайды және теріні жақсы тыныштандырады. Тері күтіміне арналған қымбат маскалардан кем түспейді. 

4. Кофенің қою қалдығы целлюлитке көмектесе алады. Оны денеге арналған скрабтың орнына қолдансаңыз, жақын арада бұрын кедір-бұдыр болып тұрған дене бөліктерінің біршама жақсарғанын байқайсыз. 

5. Шашты ашық түске бояу үшін, қымбат әрі зиянды бояуларды қолданудың қажеті шамалы. Ол үшін түймедақты (ромашка) қайнатып, сүзіп, пайдалансаңыз жеткілікті. Онымен шашыңызды шайыңыз, тіпті, ара-тұра жай ғана жағып тұрсаңыз да, шаш түсі біраз ашық реңк бере бастайды. 

6. Суық су тырнағыңыздағы лакты кептіруге көмектеседі. Шағын тегешке суық суып құып, оған бірнеше бөлік мұз салыңыз. Осы суық ерітіндіде тырнақты екі минуттай ұстаңыз. Бірақ, суға қолды емес, тек боялған тырнақты салған жөн. 

7. Жаздың күні адам терлеп есі шығатыны белгілі. Тершеңдіктен арылудың бір тәсілі – жалбыз (мята) қосылған ваннаға түсу. Жалбызға сондай-ақ шатыраш (шалфей), түймедақ (ромашка) қосып жіберуге болады. 

8. Жаз мезгіліндегі тағы бір жағымсыз сәттердің бірі – аяқтың қажалуы. Әсіресе, жаңа аяқ-кіим кигенде, адам төзгісіз жағдайға жететін кездер де болады. Қажалуға жол бермес үшін, немесе ауырған жерді басу үшін, теріге вазелин жағып қойған дұрыс. 

9. Жылтыры бар лактарды тырнақтан өшіруді көбі жақсы көрмейді. Оңай емес шаруа. Өзіңізге ыңғайлы болу үшін, мақта дискін алып, лак кетіретін сұйықтық жаққан соң, тырнақ үстіне қойып, сыртынан фольганың кішкене бөлігін орап тастау керек. 3-4 минуттан соң фольганы да, дискті де алсаңыз, тырнағыңыздың тазарғанын көресіз. Оңай әрі ыңғайлы. 

10. Дәмін көбі жақтыра бермейтін балықтың майы шаштың ұшталуымен жақсы күресе алады. Шашты жуардан 10 минут бұрын ұшына балық жағып қойыңыз. Сосын 10 минуттан соң, жуып тастайсыз

Дереккөз: Reactor
Все новости