|    |  
21 қараша 2018
10:56
Парагвай тұрғындары чупакабраның өлексесін тапты
29 қазан, 10:19 1206


Парагвай тұрғындары Кармен-дель-Парана өзенінен чупакабрдың өлексесін тауып алды деп хабарлайды Huffington Post. Құбыжықтың өлексесі суретке түсіріліп және бейнежазбаға жазылып желіге салынған.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар өлексенің адамзатқа беймәлім маймылға тиселі болуы мүмкін деп болжам жасап отыр.

 

Huffington Post жазуына қарағанда,  чупакабра – әлемнiң әр түкпiрiндегi тұрғындар өз көзiмiзбен көрдiк дегенiмен, ғылым дәлелдемеген құбыжықтардың бiрi. Ол  үй малдарына шабуыл жасап, қанын сүлiктей соратын құбыжық.

Чупакабра туралы алғашқы аңыз‑әңгiмелер 1950 жылдардан бастау алады. Осы кезде Пуэрто‑Рикодан қаны iшiлген ешкi­лер­дiң өлексесi табылды. Чупакабра деген атау да осыдан шықса керек. Испан тiлiнен аударғанда chupacabras сөзi chupar — “сору”, ал cabra — “ешкi”, яғни “ешкiлердiң қанын сорушы” дегендi бiлдiредi.  
Все новости