|    |  
13 қараша 2018
13:58
Парижде адамдар тыр жалаңаш жүретін саябақ салынбақ
27 қыркүйек, 17:18 906


Париж басшылығы келер жылдың жазында тыр жалаңаш жүргенді ұнататын адамдарға арналған саябақ салуы мүмкін. Дүйсенбі күні Париждің заң шығару органдары осы жобаға дауыс беріпті. Себебі елде киім-кешекке оранбай, лыпасыз жүргенді жақсы көретіндер көп екен. Экологтардың айтуынша  2 миллион француз азаматы натуризмді (неғұрлым табиғатқа жақын болу) қолдайды екен. Жергілікті тұрғындардың сұранысын ескерген қала басшылығы да ендігі кезек лайықты орын таңдау екенін айтып отыр. Таңдау Париждің екі негізгі орманы – батыстағы Булон орманына немесе шығыстағы Венсен орманына түсуі мүмкін. Сол себепті де «қоғамдық тәртіпке төнер қауіп жоқ» дейді басшылар.

Дереккөз: www.theguardian.com
Все новости