|    |  
20 наурыз 2019
16:12
Парижде «Қазақстан ғажайыптары» фотокөрмесі ашылды (ФОТО)
16 мамыр 2016, 11:07 4


Парижде, Carrousel du Louvre галереясында «Қазақстан ғажайыптары» фотокөрмесі ашылды, деп Facebook-те Қазақ  географиялық қоғамдастығы хабарлады.
«Көрмеге дарынды қазақстандық фотографтардың: Илья Афанасьев, Максим Золотухин, Әли Оспанов, Әсет Бахетан, Тұрар Қазанғапов, Константин Киквидзе, Сәрсенбек Қызайбек, Настасья Малив, Ерболат Шадрахов және Бауыржан жұмыстары қойылды», - делінген хабарламада.
Ұйымдастырушылар келушілерге көрмеге қойылған жұмыстардың арқасында Қазақстанның табиғаты, дәстүрлері мен адамдары жайлы көп нәрсе білуге болатынына сөз берді.
Көрме 9 маусымға дейін болмақ, кіру тегін. Келушілердің барлығы екі адамға арналған Қазақстанға жолдама сарапқа қойылатын ұтыс ойынына қатыса алады. 
 







 
Все новости