|    |  
20 қазан 2019
16:21
Павлодар тұрғыны әлеуметтік желіге жазған пікірі үшін ұсталды
14 маусым 2017, 11:20 28
Павлодарда полицейлер әлеуметтік желіде құқық қорғау қызметкерлеріне тіл тигізген 26 жастағы тұрғынды тұтқындады.



Бойжеткен «Арай» кафесінің қасында болған төбелес туралы жаңалыққа пікір жазып, төбелеске қатысушылардың бірі қаза тауып, қалғаны жарақат алып жатқанда «құқық қорғаушылардың қайда қарап отырғанын» сұрап, балағат сөз жазған.

Павлодар облысы ІІД баспасөз орталығы бұның билік өкіліне жария тіл тигізу бабы бойынша қаралатынын хабарлады. Қазір аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 378-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. 

Дереккөз: pavon.kz
Все новости