|    |  
12 желтоқсан 2019
02:38
Питонды атып, ешкіні құтқарып қалды
08 маусым 2017, 14:39 49


Флорида штатының (АҚШ) тұрғыны өз шаруашылығындағы ешкілердің бірін үлкен питон жұтқалы жатқан сәтінде үстінен түскен.

Әйел еш сескенбестен, тез арада шешім қабылдаған – питонды тапаншамен бірнеше рет атқан.

Денесіне оқ тиген питон ешкіні босата салып, сытылып қашпақ шығуға әрекеттенген. Алайда, әйел оның құйрық тұсынан аяғымен басып тұрып, басынан дәл көздеп атып, жорғалаушыны жер жастандырған.

Әйелдің батылдығы көпшілікті тәнті еткен болуы керек: видеожазбаны 10 млн жуық адам тамашалаған.




Дереккөзі: шетелдік БАҚ
 
Все новости